Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып отырған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жұмыс жүргізіп отырған «№1 жалпы білім беретін мектеп» КММ-не білім алушыларды қабылдау қарқынды жүргізіліп жатыр. Оку мен тәрбиені сындарлы, сапалы да нәтижелі етуге бағытталған ұжымымызға сенім білдірген ата-аналар күн санап артып келеді.