«Тарыдай болып кіресің...»
Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып отырған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жұмыс жүргізіп отырған «№1 жалпы білім беретін» КММ-де 17.02.2025 жылы мектепалды даярлық тобы мен 1-сынып оқушыларының алғашқы оқу күні өтті. Білімге бастаған қадамдары құтты болып, оқуда озат та ынталы болу үшін мектеп директоры Масанов Нұрман Сәрсенұлы және оқу ісі жөніндегі орынбасары Аханова Нүргүл Үсеновна мен мектеп ұжымы, жоғары сынып оқушылары білім алушыларды ерекше ықыласпен қарсы алды. Мектеп басшылығының ұйымдастыруымен әр оқушыға мемлекетіміздің рәмізі-ту, бояу қаламы, дәптер, бояуға арналған дәптер және де "Қазақстан" шоколады сыйлыққа берілді. Бала жас шыбық іспетті, қайда исек, солай қарай бағыт алмақ. Білім мен тәрбие басы елге құрмет пен махаббаттан бастау алу керек екендігін естен шығармауымыз керек. «Болар баланың бетін қақпай, белін буатын» бастама өзінің оң бағасын алып, жалғасын табады деген ойдамыз.
Білекке емес, білімге сенетен уақытта оқушыларды түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқуға қызықтыру — заман талабы. Тарыдай болып мектебіміздің табалдырығын аттаған шәкірттерімізді елінің игілігі үшін келелі істерді жүзеге асыратын білікті де білімді азамат етіп түлетуге аянып қалмаспыз.
Білім саласын жаңа сатыға көтеруге бағытталған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының сәтті жүзеге асуына басшылық жасап жүрген Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровке, Отырар аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлына, Отырар ауданының білім бөлімі басшысы Шерубаев Құдайберген Қайыпбекұлына алғысымыз шексіз.