Түркістан облысы білім басқармасының 2025 жылғы 22 тамыздағы №3-05-4/5704-И хатына сәйкес, барлық білім беру ұйымдарында денсаулықты нығайтуға бағытталған қысқа дене шынықтыру жаттығулары тұрақты түрде енгізілуде.
Аптасына бір рет, сейсенбі күні
Бірінші сабақ басталар алдында
Ұзақтығы – 3 минут
Жаттығулар оқушылардың шаршауын азайтуға, оқу белсенділігін арттыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және күнді сергек көңіл-күймен бастауға бағытталған.
Бүгінгі күннен бастап мектебімізде бұл бастама жүзеге аса бастады. Алғашқы сабақ таңғы жаттығулармен ашылып, оқушылар мен ұстаздар белсенді түрде қатысып, сергіп шықты.