«№1 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі оқушылар арасында «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алды-алу » тақырыбында кездесудің өткізілуі туралы
Хаттама №1
Шәуілдір ауылы 05.09.2025ж
Қатысқандар: 5-11 сынып оқушылары
Күн тәртібіндегі қаралатын мәселе:
1. «Жасөспірімдер арасындағы қауіпсіздік,құқықбұзушылық және нашақорлық,лудомания мен буллинг зорлық зомбылықтың алдын өалу шаралары туралы»
2. «Құқықбұзушылық профилактикасы бойынша атқаорылған жұмыстартуралы»
Түркістан облысы, Отырар ауданы прокуратурасының жаңа оқу жылының басталуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейту мәселесі бойынша №2-12-2500805 хатына сәйкес, «№1 жалпы білім беретін мектеп »коммуналдық мемлекеттік мекемесінде АПБ- ның қызметкерлерінің қатысуы мен кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен олардың арасындағы зорлық-зомбылық, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы, әлімжеттік іс-әрекетінің профилактикасы ,құмар ойындарының алдын алу аясында 5-11 сыныптар арасында жиын өткізілді.
Тыңдалды:
Жиналысты мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары С.Қонысбекова ашып,күн тәпртібіндегі мәселені мектеп оқушыларына таныстырып өтті,күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Балалар қауіпсіздігі»тақырыбында баяндама оқылды. АПБ ЖПҚ ЮПТ-ның инспекторы полиция капитаны Ерденова Динара Жақсыбайқызы бүгінігі іс- шараның мақсатын түсіндіріп, АПБ кадр жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Асхат Нұрбеков балаларға құқықбұзушылықтың алдын–алу буллингке,лудоманияға қарсы шараларды баяндап, болдырмаудың алдын алуы керектігін түсіндірді. АПБ ЖПҚ ЮПТ-ның инспекторы полиция подполковнигі Меңлібаев Талғат Базарханұлы ҚР ӘКТТК нің 442 бабының 2-бөліміне сәйкес, яғни он сегіз жасқа толмаған балаларға темекі сатуға тыйым салынатынын,нашақорлықтың алдын-алу және қоғамдық ортада қолдану ҚР ӘКТК-нің 442 бабының 3- бөліміне кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз 22-00 ден кейін ойын-сауық мекемесінде болуы ҚР ӘКТК-нің 200 бабының 1- бөліміне Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта сағат:23-00 ден кейін ата- анасыз жүруі ҚР ӘКТК-нің 127 бабының 1- бөлімінен Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын сауық мекемелерінде болуына жол беру, ҚР ӘКТК-нің ҚР ӘКТК-нің 435 бап кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық ,алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу сияқты заңның баптарымен таныстырып өтті. ҚК 188 бабы 1 бөлігі ұрлық бойынша осы заңдарды бұзған жағдайда ата-анасына әкімшілік хаттама толтырып,үштен онға дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға әкеліп соқтыратынын түсіндіріп өтті.Және де оқушылардың себепсіз сабақтан он күннен артық қалған жағдайда оқушыны есепке алынатыны ескертілді.
Сондай ақ, жол қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндіріліп, толыққанды мағлұмат берілді.
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары С.Қонысбекова құқықбұзушылыққа,темекі, алкоголь ішімдіктеріне,вейпке құмарлықты болдырмау,өз болашақтарына балта шабатындығын айтып,қоғамға лайықты білімді,тәрбиелі азамат болуға шақырды.
Шешім:
1.Мектеп оқушылары арасында құқықбұзушылықтың алдын -алу мақсатында жұмыстар жүргізілсін.Қатаң назарда тұрған заңдарға қолдау көрсетіп, осы заңдарды бұзған жасөспірім болса, АІІБ-нің қызметкерлеріне дер кезінде хабарлансын.
2.Балалар қауіпсіздігі кәмелетке толмаған жасөспірімдердің ата – аналары мен заңды өкілдерінен сұралсын
Мектеп директоры: Н.Масанов
Дайындаған:C.Қонысбекова