“№1 жалпы білім беретін мектеп” КММ-де «Заң және тәртіп» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті.
5-8 сынып оқушылары арасында заң мен тәртіптің маңызын насихаттайтын эссе жазу байқауы ұйымдастрылды. оқушылар өз ойларын сауатты жеткізіп, әділдік, жауапкершілік, құқықтық мәдениет туралы терең толғанды.
Бастауыш сынып оқушылары арасында тақырыпқа сай сурет салу жұмыстары өткізілді. Балалардың қиялы мен шығармашылығы арқылы заң мен тәртіптің мәні көркем түрде бейнеленді.
Осындай шаралар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамдағы тәртәп пен жауапкершілікті сезінуге тәрбиелейді. Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!





