«№1 жалпы білім беретін мектеп»
Ресми интернет-ресурс
Featured

№1 Жалпы білім беретін мектебі

Отырар ауданы  білім бөліміне  қарасты

 №1 жалпы  білім беретін мектебі

Мемлекет басшысының тікелей  тапсырмасымен ашылып отырған «Жайлы  мектептің» бірқатар артықшылықтары бар.

         Біздің мектебіміз оқу  процесін ұйымдастырумен және барлық оқушылар үшін қолайлы жағдай  жасай алуымен ерекшеленеді. Бұл мектепте кіші  және  жоғары сыныптар үшін оңтайлы жағдай жасалынған.

           Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін де кедергісіз орта  құралып, заманауи пәндік кабинеттер, STEM-зертханалар және физика, химия, биология, информатика –робототехника,  шеберхана /қыздар,ұлдар/  робототехника кабинеті жаңа үлгідегі құрал жабдықтармен толық жабдықталған.

         Мектепте хореография залы, спорт зал, асхана, демалыс аймақтары, музыкалық, сенсорлық кабинеттермен қамтамасыз етілген. Жайлы  мектеп-қауіпсіздік пен сапаның барлық талаптарына жауап беретін замануи білім беру ортасы болып табылады.

         Біздің мақсатымыз барлық оқушылар үшін қолжетімді және сапалы білімді қамтамасыз ету. Сондықтан да балалардың табысты оқу мен дамуына барлық жағдай жасалынған.