«№1 жалпы білім беретін мектеп»
Ресми интернет-ресурс
« № 1 ЖББМ» КММ-інде 2025 жылдың 26 тамызында педагогикалық кеңес болып өтті. Педкеңеске «Өрлеу» БАҰО-ның өкілі Г.Е. Қуанышбек , мектеп әкімшілігі,педагогтар қатысты. Педагогикалық кеңеске қатысушылар мемлекет басшысы Қ.Қ.Тоқаевтың Тамыз пленарлық отырысы

« № 1 ЖББМ» КММ-інде 2025 жылдың 26 тамызында педагогикалық кеңес болып өтті. Педкеңеске «Өрлеу» БАҰО-ның өкілі Г.Е. Қуанышбек , мектеп әкімшілігі,педагогтар қатысты. Педагогикалық кеңеске қатысушылар мемлекет басшысы Қ.Қ.Тоқаевтың Тамыз пленарлық отырысы

« № 1 ЖББМ» КММ-інде 2025 жылдың 26 тамызында педагогикалық кеңес болып өтті. Педкеңеске «Өрлеу» БАҰО-ның өкілі Г.Е. Қуанышбек , мектеп әкімшілігі,педагогтар қатысты. Педагогикалық кеңеске қатысушылар мемлекет басшысы Қ.Қ.Тоқаевтың Тамыз пленарлық отырысында сөйлеген сөзін бейнероликтен тыңдады.

Педагогикалық кеңесті мектеп директоры Н.С.Масанов ашып,2025-2026 оқу жылындағы міндеттер мен басымдықтар туралы таныстыра келе,жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары және мектепті дамыту жоспары туралы толық талдау жасады. 15 тамызда Астанада еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен ұстаздардың республикалық Тамыз конференциясы өтті. Мемлекет басшысы білім беру саласындағы негізгі басымдықтарды айқындап берді. Біздің ортақ міндетіміз – олармен танысып, мектеп қабырғасында іске асыру деп атап көрсетті

Келесі мәселе ,«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру туралы директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары С.Қонысбек баяндады.Басты бағдарымыз – «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы. Бұл – әр сабаққа, әр сыныптан тыс іс-шараға енгізілуі тиіс тұтас философия. Бағдарламаның мақсаты – білімді, отаншыл және жасампаз ұрпақ қалыптастыру. Биылғы оқу жылында тәрбие жұмысы 6 базалық құндылық аясында жүргізіліп, әр ай белгілі бір құндылыққа арналады. Мысалы, қыркүйек – еңбекқорлық пен кәсібилік айы, қазан – тәуелсіздік пен патриотизм айы. Мұның барлығы сіздердің күнтізбелік-тақырыптық жоспарларыңыз бен тәрбие сағаттарының жоспарына енгізілуі тиіс деп түсіндірді.

Биылғы оқу жылындағы өзгеріс оқу процесіндегі маңызды бағыт – жасанды интеллектіні (ЖИ) оқу процесіне біріктіру. Биылдан бастап біз ЖИ-ді жүйелі түрде енгізуді бастаймыз. Бұл компьютер мұғалімді алмастырады деген сөз емес. ЖИ – уақытты үнемдейтін әрі оқыту әдістерін кеңейтетін біздің цифрлық көмекшіміз. Барл540105473_122137340996722926_1667186445485814487_n.jpg538632690_122137341032722926_7121178039132793420_n.jpg539383488_122137341062722926_4601592043791145714_n.jpgық педагогтер Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтындағы «Орта білім беру жүйесінде ЖИ қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдармен» танысып, оны оқыту тәжірибесіне енгізу қажет екендігі айтылды.

Жиналысқа қатысқан «Өрлеу» БАҰО-ның өкілі Г.Е. Қуанышбек педагогтар ұжымын жаңа оқу жылымен құттықтап,ұрпақ тәрбиелеу ісіндегі еңбектеріне толағай табыстар тіледі.