«№1 жалпы білім беретін мектеп»
Ресми интернет-ресурс
“Кітап – ұлттың қазынасы”

“Кітап – ұлттың қазынасы”

“Кітап – ұлттың қазынасы”

Бүгін №1 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында рухани мәні зор ерекше іс-шара өтті. Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған бұл жиын – білім мен парасаттылыққа бас иетін, руханиятты құрметтейтін шара болды.

“Кітап – халықтың рухани қазынасы, мәңгілік мұрасы” деген ұлы сөздің мәнін оқушылар жүрекпен сезініп, әр парағына тағылым, әр жолына тарих сыйған кітаптың қадірін терең ұғынды.

Оқушылар өз сүйікті кітаптары жайлы ой бөлісіп, кітап оқу арқылы дүниетанымның кеңейіп, ой-өрістің биіктейтінін түсінді.

Кітап оқитын ұрпақ – болашағы жарқын, кемел келешекке нық қадам басатын ұрпақ. Бүгінгі шара – білімге бастар жолдың жарқын көрінісі болды.