Құрметті: №1 жалпы білім беретін мектебінің ата-аналары !
2024–2025 оқу жылының соңында өтетін “Соңғы қоңырау”, қорытынды аттестаттау және өзге де мектепішілік іс-шараларға байланысты төмендегі талаптарды назарларыңызға ұсынамыз:
ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
4 және 9-11 сынып оқушыларынан мектеп қажеттіліктеріне орай ақша жинау;
Аниматорлар, әртістер, агенттіктер мен студияларды шақыру;
Мұғалімдерге немесе мектеп әкімшілігіне сыйлық беру;
Мектеп ішіндегі жөндеу немесе тазалық жұмыстарына қаражат жинау;
Мейрамханалар, ойын-сауық орталықтары, саябақтар мен автокөлік шерулерін ұйымдастыру;
Сынып ішінде дастарқан жаю немесе ата-аналардан қосымша ақша талап ету.
ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС ТАЛАПТАР:
“Соңғы қоңырау” шарасына тек оқушының бір заңды өкілі ғана қатыса алады;
Барлық оқушыларға қауіпсіздік ережелері алдын ала таныстырылады;
Педагогикалық әдепті сақтау, әділдік пен жауапкершілік қағидаларын ұстану – ортақ міндетіміз;
Ашықтық, әділеттілік және бірлік – мектеп ұжымы мен ата-ана арасындағы негізгі құндылық.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА!
Біздің басты мақсатымыз – оқушылар үшін қауіпсіз, тәрбиелік маңызы жоғары және есте қаларлық мектеп өмірін қамтамасыз ету.
Осы талаптарды бірлесе орындау арқылы біз өзара сенім мен сыйластыққа негізделген орта қалыптастырамыз.
Сіздерге құрметпен “№1 жалпы білім беретін мектеп” КММ-нің директоры Масанов Нурман Сәрсенұлы.