«Бірлік түбі — береке»
Президенттің тікелей тапсырмасымен сәтті жүзеге асып отырған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы — білім саласын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған жоба. Көзделген мақсат пен бағдарға алынған меженің үлкен жауапкершілікті қажет ететіндігі айқын. Ізгілікті істе бірлік пен татулық, қолдау аса маңызды. Осындай мақсатта Отырар ауданымыздың мектеп директорлары 19.02.2025жылы «№1 жалпы білім беретін мектеп» КММ-не келіп, директоры Масанов Нұрман Сәрсенұлы мен мектеп ұжымына достық лебізін білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Сындарлы еңбек жолы арқылы үлгілі басшы болып жүрген қонақтардың ыстық лебізіне директор Нұрман Сәрсенұлы алғыс білдіре отырып, әрбір қолдау мен келелі кеңестің жұмысымызға оң әсерін беретінін жеткізді.