«№1 жалпы білім беретін мектеп»
Ресми интернет-ресурс
Білім саласындағы тарихи көрсеткіш!

Білім саласындағы тарихи көрсеткіш!

(20+) 📢 Білім саласындағы тарихи көрсеткіш!... - Отырар Ауданы Жайлы Мектеп | Facebook

📢 Білім саласындағы тарихи көрсеткіш!

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ел Тәуелсіздігі тарихындағы рекордтық жетістікті жариялады.

✅ Соңғы 6 жылда елімізде 1000-нан аса мектеп салынды!

Бұл — тәуелсіз Қазақстанның білім беру саласындағы ірі жетістігі. Мемлекетіміздің өскелең ұрпағына сапалы білім беру жолындағы бұл қадам еліміздің болашағына жасалған үлкен инвестиция деп айтуға толық негіз бар.

👨‍🏫 Министрдің айтуынша, бұл көрсеткіш — Қазақстан тарихындағы бұрын-соңды болмаған рекорд. Елді мекендердегі мектеп тапшылығын азайтып, үш ауысымды және апатты мектептерді жоюға бағытталған бұл бастама — ел Президентінің тапсырмасына сәйкес жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

📌 Бұл — тек бастамасы. Жаңа мектептер — жай ғана ғимарат емес, олар — білімді, саналы, бәсекеге қабілетті ұрпақтың қалыптасуына арналған алтын ұялар!

✍️ Сіз бұл жетістік туралы не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз!