«№1 жалпы білім беретін мектеп»
Ресми интернет-ресурс

«Батаменен ел көгерер»

Отырар ауданының құрметті азаматы, әдебиеттанушы, этнолог, мәдениет қайраткері Жұмашов Абдолла, Отырар ауданының құрметті азаматы, ардагер ұстаз, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Белгібай Мария арнайы 14 ақпан-халықаралық кітап сыйлау күнімен №1 жалпы білім беретін мектеп ұжымын, директоры Масанов Нурман Сәрсенұлын құттықтай отырып, қазыналы өлкенің дарынды тұлғалары жайлы жазылған кітапты сыйлады. Маңызы жоғары ұлттық жоба негізінде салынған білім ордасының ұжымына жұмысының жемісті де жеңісті болуын тілеп, ақ батасын берді. Мектеп директоры ардагер ұстаздарға өз алғысын білдіріп, сыйға берілген кітаптың өзіндік ерекшелігі бар екенін жеткізді. Әлемнің екінші ұстазы атанған «Фараби Елі» кітабы — біз үшін символикалық сый.«Ісі ұлының өзі де — ұлы» демекші, елге сыйлы тұлғалардың қолдауы, ақыл-кеңестері, бағыт-бағдар көрсетуі оқушылар мен ұстаздарымызды жарқын биіктерді бағындыруға шабыттандырады. Мектеп директорымен бірге естелікке суретке түсіп, мектептің ішкі тыныс-тіршілігімен ой бөлісті.