1 Қыркүйек – Білім күні!
Бүгін ауданымыздағы жаңа білім ордасында алғаш рет «Мектебім – мейірім мекенім» атты салтанатты жиын өтті. Мерекелік шара еліміздің көк туын әкеліп, Әнұран орындаумен ашылды. Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен мәслихат төрағасы Уалихан Жамалханұлы құттықтау сөз сөйлеп, бүлдіршіндерге алғашқы «Әліппе» кітаптарын табыстады.
Бұл – жас ұрпаққа есігін айқара ашқан жаңа білім ұясының тарихындағы алғашқы қоңырау соғылған ерекше сәт болды. Мектебіміз үшін бұл күн – тарихи әрі толқынысқа толы маңызды кезең ретінде есте қалмақ.
Ардагер ұстаздар кеңесінің төрағасы Пердехан Жаппарқұлов және ардагер ұстаз Мария Имансарықызының жүрекжарды тілектері айтылды. Олар ұстаздар мен оқушыларға ізгі тілектерін арнап, білім ордасының болашағына сенім білдірді.
Мерекеге жиналған ата-аналар мен қонақтар бүлдіршіндердің тақпақтары мен әндерінен ерекше әсер алды.
Биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған 1А, 1Ә, 1Б сынып оқушылары ұстаздарымен бірге «білім әлеміне» қадам басты. Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауын соғу құрметі ең кішкентай оқушыларға берілді. Салтанатты жиын соңында оқушылардың орындауындағы «Ұстазым», «Мектебім» әндері шырқалып, мереке қуанышын еселей түсті.
Жаңа 2025–2026 оқу жылы барлық білім алушылар мен ұстаздарға табысты, шабытты, жемісті болсын!
1 сентября — День знаний!
Сегодня в новом учебном заведении нашего района впервые состоялось торжественное собрание под названием «Моя школа — мой дом добра». Праздничное мероприятие открылось выносом государственного флага и исполнением гимна. Аким района Кайрат Жолдыбайулы и председатель маслихата Уалихан Жамалханулы выступили с поздравительной речью и вручили первоклассникам их первые книги «Алиппе» (Букварь).
Это был особенный момент — прозвенел первый звонок в истории нового учебного заведения, которое открыло свои двери для молодого поколения. Этот день навсегда останется в памяти нашей школы как исторический и волнующий момент.
Председатель совета ветеранов-педагогов Пердехан Жаппаркулов и ветеран педагогического труда Мария Имансарыкызы выступили с тёплыми пожеланиями. Они адресовали свои добрые слова учителям и ученикам, выразив уверенность в светлом будущем школы.
Собравшиеся на празднике родители и гости были в восторге от стихов и песен, исполненных малышами.
В этом году ученики классов 1А, 1Ә, 1Б впервые переступили порог школы вместе со своими учителями, сделав шаг в «мир знаний». Честь дать первый звонок в новом учебном году была предоставлена самым юным ученикам. В завершение торжественного собрания прозвучали песни «Ұстазым» (Мой учитель) и «Мектебім» (Моя школа), которые приумножили радость праздника.
Пусть новый 2025-2026 учебный год будет успешным, вдохновляющим и плодотворным для всех учеников и учителей!
September 1st is Knowledge Day!
Today, a special assembly called “My School is My Home of Kindness” was held for the first time at our district’s new educational institution. The festive event began with the hoisting of the state flag and the performance of the national anthem. District Akim Kairat Zholdybayuly and Maslikhat Chairman Ualikhan Zhamalkhanuly gave congratulatory speeches and presented first-graders with their first books, “Alippe” (Primer).
It was a special moment as the first bell in the history of this new educational institution rang, opening its doors to the younger generation. This day will forever remain in our school's memory as a historic and exciting moment.
Perdekhan Zhapparkulov, Chairman of the Council of Veteran Teachers, and Maria Imansarykyzy, a veteran of pedagogical work, shared warm wishes. They addressed their kind words to both teachers and students, expressing confidence in the bright future of the school.
The parents and guests attending the celebration were delighted by the poems and songs performed by the young children.
This year, students from classes 1A, 1Ә, and 1B crossed the school's threshold for the first time with their teachers, taking a step into the “world of knowledge.” The honor of ringing the first bell of the new academic year was given to the youngest students. To conclude the solemn assembly, the songs “Ustazym” (My Teacher) and “Mektebim” (My School) were performed, adding to the joy of the celebration.
May the new 2025–2026 academic year be successful, inspiring, and fruitful for all students and teachers!